"Төрт баламен далада қалдым". Президенттің бұрынғы кеңесшісі Олжас Құдайбергеновтің әйелі Тоқаевтан көмек сұрайды

2352
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ulysmedia.kz
Фото: Ulysmedia.kz

Президенттің бұрынғы кеңесшісінен қысым көрген Мөлдір Қабылова Тоқаевтан көмек сұрайды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп.

Олжас Құдайбергеновтың әйелі Мөлдір Қабылова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейне үндеу жолдап, көмек сұрауда.

Олжас Құдайбергеновтың әйелі Мөлдірдің айтуынша, ол 2022 жылдың қаңтарында ажырасуға шешім қабылдаған. Ал наурызда Олжас Құдайбергенов кәмелетке толмаған балаларын анасынан айырып, Ұлыбританиядан алып кетпек болған.

Британ полициясы әкені әуежайда ұстап, балаларды анасына қайтарған. Ұлыбританияның әлеуметтік қызметі Мөлдірді балаларымен бірге баспанасыздарға арналған үйге орналастырған. Қабылова ұзақ уақыт бойы ешқайда шағымданбаған көрінеді.

Бірақ 2022 жылдың наурызынан бастап қазірге дейін күйеуі, Президенттің бұрынғы көмекшісі Олжас Құдайбергеновтен қысым көріп келген. Мөлдір Қабылова:

“Олжас жалға алынған үйдің ақшасын төлеуден бас тартты. Төрт баламмен далада қалдым. Әкем оның әрекетіне ашуланып, одан әкелік міндеттерін орындауды, оқу жылына дейін жалға алынған пәтердің ақысын төлеп беруді талап етті. Бірақ ол әкемнің үстінен “бопсалады” деген айыппен арыз жазған”, – дейді.

Әйелдің айтуынша, оның әкесі бірден қамауға алынған. Қарт кісі полиция бөлімінде есінен танып құлап, бас сүйегін, жамбас сүйегін және аяқтарының сүйектерін сындырып алған, содан кейін 4 ай бойы төсектен тұра алмаған.

Мөлдір халықаралық бағдарламалар орталығы арқылы 2023 жылдың ақпан айынан бастап алып отырған "Болашақ" стипендиясының Олжас Құдайбергеновтың тоқтатып тастағанын, тіпті "Болашақ" бағдарламасына кепілге қойған пәтерін тартып алып, сатып жібергенін айтады.

2023 жылдың қазан айында Құдайбергеновтың арызы бойынша полиция "бопсалады" деген айыппен әйелдің әкесін тағы екі айға қамауға алған.

Ал “НеМолчиKZ” қоры Құдайбергеновтың әйеліне қойған талабын жариялады. Олжас Құдайбергенов әйеліне үйге келетін әрбір адамды тек өзінің рұқсатымен шақыруын, қонаққа бармауын, "өмір бойы белгілі бір адамдармен" араласпауын, әрі қайын атасы айтқан сөздері мен әрекеті үшін өзінен кешірім сұрауын талап еткен.

"НеМолчиKZ" қоры осы мәселені шешу үшін Президентке шағымданып, көмек сұрауға мәжбүр болған.

Еске сала кетейік, Олжас Құдайбергенов – ұлттық экономика министрлігі жанындағы басқарушы кеңестің төрағасы қызметін атқарады.

Пікірлер