ДДҰ: Газада әр он минут сайын бір бала қайтыс болады

1326
Adyrna.kz Telegram
Фото: Life.ru
Фото: Life.ru

ДДҰ басшысы Газа секторындағы адамдардың жағдайы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

ДДҰ Бас директоры Тедрос Гебрейесус БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Газадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп жатқанын, әр он минут сайын бала өлімі болатынын айтты.

Дүниежүзілік ұйымның мәліметінше, аймақтың 36 ауруханасының жартысы және алғашқы медициналық көмек пункттерінің үштен екісі жұмыс істемейді. Ал қалған ауруханалар өз мүмкіндіктерінен тыс жұмыс істеп жатыр.

"Мен Кеңеске жанармай, азық-түлік және су тапшылығы туралы хабарлауға дайынмын. Бірақ, шынымды айтсам, қазір бізді жаралылар мен науқастардың өміріне төнген қауіп алаңдатуда", — деді Палестинаның "Қызыл Жарты Ай" қозғалысының басшысы.

Пікірлер