Жиі қол көтеретін. Салтанат Нүкенованың құрбылары оның отбасылық өмірі туралы айтты

2849
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованы жерлеу рәсімі өтті. Марқұммен қоштасуға келген достары Нүкенова мен экс-министрдің ара-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Марқұм Салтанат Нүкенованы қала іргесіндегі Атамекен ауылына жерледі. Жерлеу рәсіміне белгілі саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері, Салтанаттың туған-туыстары, достары мен құрбылары қатысты. Қазаға көңіл айтып келгендер полицейлер мен сот қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты тексеріп, кінәліні заң аясында қатаң жазалау керектігін айтты.

"Ол оны қатты ұрғаны соншалық, денесінде сау жерін қалдырмады. Бiздiң қоғамда жауыз, қатыгез адамдардың қолынан қарапайым адам қайтыс болмауы керек,"-дейді.

Ьұрынғы шенеунік пен марқұм Салтанат Нүкенованың отбасында жиі жанжал болған. Құрбыларының айтуынша Бишімбаев өз әйеліне жиі қол көтерген.

"Ол оған жиі қол көтеретін. Ол (Салтанат Нүкенова - ред.) бізге шағымданды, бірақ басқаларға айтпады. Біз күйеуін тастап кетуді талай рет өтіндік", – дейді  Салтанат Нүкенованың жақын досы Индира.

Салтанатпен қоштасуға Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған құрбылары марқұмның отбасылық өмірде жолы болмағанын айтады. Астанадан келген Мадина есімді бойжеткен құрбысы Бишімбаевты тастап кетпек болғанын есіне алды.

«Біздің көз алдымызда ештеңе болған жоқ. Салтанаттың айтуынша, ол күйеуінен кетіп, пәтер жалдаған. Содан кейін ол (Қуандық Бишімбаев - ред.) қайтадан жалынып, тізерлеп тұрып, оны жақсы көретінін айтып, қайтарған. Біз құрбымызға мұндай адамдар өзгермейді дедік, бірақ ол тыңдамады. Ол (Салтанат Нүкенова - ред.) оны жақсы көретінін айтты. Бірде құрбыма оны өлтіретінін де айттым. Өйткені бұлай ұзаққа созылмайтын еді", - деді Мадина.

Марқұм Салтанат Нүкенованың достары қайғылы жағдайда адамгершілік танытып, қажетсіз пікірлерден аулақ болып, болмаған нәрсені ойлап таппауды өтінді. Достарының айтуынша экс-министр бойжеткеннің қыр-соңынан қалмай, оны кездесуге шақырып, көңілін аулаған.

"Ол оны Инстаграмда көрді, сырттай ғашық болды, оны тапты, оған қол жеткізді. Салтанат алғашында кездескісі келмеді. Себебі ол маньяк сияқты құрбымыздың артынан қалмаған. Оның әрекеттері бізге оны (Салтанат Нүкенова - ред.) қатты жақсы көретін сияқты көрінді... Содан кейін бәрі басталды. Салтанат балалы болғысы келді, бірақ бола алмады. Ол "егер жүкті болсам, бәрі тынышталып, өзгеретін шығар" деп ойлады. Ал біз оған керісінше, жағдай бұдан да қиын болатынын айттық», - деді Салтанат Нүкенованың достары.

Марқұмның достары Бишімбаев үшінші әйеліне ешкіммен сөйлесуге рұқсат бермей, оның мүмкіндіктерін шектеп тастағанын айтады.

"Ол Салтанатқа ешкіммен сөйлесуге рұқсат бермеді, тіпті бізбен әдеттегідей кездесе алмады. Ол оның мүмкіндігін шектеп, жұмыс істеткізбеді. Бірақ ол (Салтанат Нүкенова - ред.) өзін-өзі қамтамасыз ете алатын және ол әйгілі астролог болды. Егер біз бір жерге барсақ, оның күйеуі бізбен бірге болды. Ол оны (Салтанат Нүкенова - ред.) ешқашан жалғыз қалдырмайтын", - деп шындықпен бөлісті Нүкенованың құрбылары.

Достары Салтанат Нүкенованың мықты астролог болғанын айтады. Ол көптеген адамдарға кеңесі арқылы көмек беріп, соңында өзі "өртенді" дейді.

Салтанат Нүкеновамен қоштасу рәсімі 10 қараша күні Машһүр Жүсіп орталық мешітінде өтті. Оны соңғы сапарға шығарып салуға жүздеген адам келді. Облыс орталығына отбасы мен достарынан бөлек, Железин ауданындағы жерлестер, сыныптастары, курстастары, жақын достары жиналды.

Марқұмды Павлодар іргесіндегі Атамекен ауылындағы зиратқа жерледі.

Пікірлер