Армения астанасы Ереванда самбодан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы күні Қазақстан қоржынына екі медаль түсті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, қазақстандық Маргарита Бажаева 50 келіге дейінгі салмақта финалға дейін сүрінбей жетті. М.Бажаева шешуші белдесуде өзбекстандық Гулсевар Ураковаға есе жіберді. Маргарита былтыр да әлем біріншілігіне қатысып, 5-орын алған болатын. Сондай-ақ Гүлдана Әлмұхамбетова 54 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде өткен жылғы әлем чемпионы, Беларусь өкілі АленаНовости по теме

«Адырна» ұлттық порталы