«Аllur» зауыты өз жұмысшыларына арнап жатақхана салып жатыр

2297
Adyrna.kz Telegram
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Қостанайдағы машина жасау зауыты өз жұмысшыларына арнап жатақхана салып жатыр. Сонымен қатар мұнда әр қызметкердің біліктілігін көтеруіне жағдай жасалған, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Бүгінде Қостанайдағы машина жасау зауытындағы жұмысшылар саны 3 мыңнан асқан. Соның 1700-ге жуығы жас мамандар.
Дархан Сағымбай:
Біз мұнда жұмыс істеп, қосымша дуальді түрде қашықтан оқып жатырмыз. Диплом алғасын осында жұмыс істеп қалуға жағдай жасалған.
Қызметкерлердің біліктілігін көтеріп қосымша білім алуына арнайы бағдарлама дайындалған. Соның негізінде олар тек елімізде ғана емес, шетелдерде де оқуына болады. Өнідіріске болашақ кадрлар дайындау үшін жергілікті оқу орындарымен әріптестік қатынас жолға қойылған.
 
Сәния Иментаева, Жоғары инженерлік мектебінің басшысы:
Қостанай мектебінде Аллюр спейс кабинетін аштық. Мақсаты - білікті инженерлік кадрларды мектеп аясынан бастап дайындау. Автомобиль колледжінде кәсіби біліктілік орталығын ашамыз.
Жұмысшыларды тасымалдау, түскі ас тегін. Спортты дамытуға да баса мән беріледі. Ынталандыру мақсатында еңбек өтілі артқан сайын қызметкердің жалақысы да көбейеді.
Әлібек Құсайынов, «Аllur» кәсіпорнының әкімшілік мәселелер жөніндегі директоры:

Медициналық клиникаларға қаралуына біздің жұмыскерлерге жеңілдіктер қарастырылған. Балалар орталығына балаларын апарса да солай.

Биыл зауыт жанынан қызметкерлерге арналған тоғыз қабатты жатақхананың құрылысы басталды. Ғимарат келер жылы пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, алдағы уақытта балабақша нысанын салу жоспарда тұр.
Дәуренбек Әбдібек

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер