Home » Жаңалықтар » ҰБТ қажет пе, жоқ па? Білім министрі көптің көкейіндегі сұраққа нүкте қойды

ҰБТ қажет пе, жоқ па? Білім министрі көптің көкейіндегі сұраққа нүкте қойды

Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орнына түсу жүйесін одан әрі жетілдірмек

 Ұлттық бірыңғай тестілеу мемлекеттік гранттарды бөлген кезде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін өткізіледі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

“Ұлттық бірыңғай тестілеу мемлекеттік гранттарды бөлген кезде жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін өткізіледі. Біз тестілеу жүйесін одан әрі жетілдіру керек деп ойлаймыз. Қазір білім жүйесінде істейтін қызметкерлермен консультациялық жұмыстар жүріп жатыр. Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орнына түсу жүйесін жетілдіруді көздеп отыр”, – деді Шәмшидинова журналистерге.

Министр мемлекетік грантты бөлу маңызды процесс екенін атап өтті.

“Өйткені еліміздің барлық азаматы осы грантқа үміттенеді. Сондықтан министрліктің міндеті – барынша ашықтықты, азаматтардың тең құқығын, ең бастысы, грантты бөлу кезінде әділдікті қамтамасыз ету. Сондықтан біз мұны осы позиция тұрғысынан қарастырамыз”, – деді ведомство басшысы.

Айта кетсек, елімізде ҰБТ 20 маусым мен 5 шілде аралығында басталады. Талапкер бұрынғыдай үш негізгі пән – Қазақстан тарихы, математика және оқу сауаттылығын тапсырады. Бұдан бөлек, екі салалық пән бар. Оны талапкер өзі таңдайды. Бес пән бойынша 120 тапсырма беріледі, алайда одан әр түлектің 140 ұпай жинауға мүмкіндігі бар.

Sputnik.

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

“Басқа әлемде жүргендей еді”: боксшының анасы ұлының ауыр қылмысқа қалай барғанын айтты

Аслан Мұқановтың отбасы боксшы теріс діни ағымның ықпалына түсті деп санайды  Қазақстанның былғары қолғап шебері, ...