Президент Тоқаевтың гаражындағы Togg қандай көлік?

1720
Adyrna.kz Telegram
Фото: Президенттің баспасөз қызметі
Фото: Президенттің баспасөз қызметі

3 қараша күні Түркі мемлекеттері ұйымының оныншы саммитіне келген Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Togg T10X электромобилін сыйлаған болатын. Мемлекет басшысына сыйланған қандай көлік? Бұл туралы kolesa.kz жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Togg — түріктің ұлттық автомобиль бренді. Жобаны бірнеше компания 2017 жылы қолға алған. Арасында тіпті сыра қайнататын Anadolu Group компаниясы бар екен. Машинаның алғашқы концептісін 2019 жылы Pininfarina ательесі жасады. Зауыт құрылысы да сол кезде басталды. Түркия бұл модельді былтыр қарашада ресми шығара бастаған.

Басылымның мәліметінше, Тоқаев  T10X-тің дәл қай нұсқасын алғаны белгісіз, дегенмен машина жалпы 430 ат күшін беретін екі электромотормен және 88.5 кВт·сағ батарея блогымен жұмыс істейтін, жақсы жабдықталған түрі. Өйткені одан бөлек топтамада 210 ат күшіне ие бір мотормен жабдықталған көлік қана бар. T10X-тің жүріс қоры 314-523 шақырымға жетеді.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Эрдоғаннан Togg T10X алған алғашқы президент емес. Түркия басшысы бұған дейін Катар әмірі мен Әзірбайжан, Өзбекстан басшыларына осындай көлік сыйлаған.

Пікірлер