45 әкім. Аудан мен қала әкімдерін сайлау басталды

1663
Adyrna.kz Telegram
Фото: Sputnik / Абзал Калиев
Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Елімізде алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімін сайлау өтіп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

5 қараша күні 42 аудан мен облыстық маңызы бар 3 қалада сайлау өтуде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауын­да аудандар мен облыстық маңыз­ы бар қалалардың әкімдері сайла­на­ты­нын мәлімдеген болатын.

Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкім­дерін тікелей сайлау бастамасы мемлекеттік бас­қару­ды орта­лықсыз­дандыруға және азамат­тардың жергілікті атқару­шы билік деңгейінде шешімдер қабыл­дауға тікелей қатысуын кеңейтуге бағыт­талған саяси реформалар үдері­сінің маңызды кезеңінің бірі болып табылады.

Бұл сайлауды өткізу үшін қажетті құқықтық база өткен жы­лы қалып­тасқан. Өкілет­тік­терге сәйкес 17 об­лыс­тың мәсли­хаттары қанатқақты режім­де сайлау өткізу үшін 45 аудан мен об­лыстық маңызы бар 3 қалалардың тіз­бесін бекітіп қойған болатын.

Кандидаттарды тіркеу сайлау комиссиясы бүкіл қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталды және сайлау күніне 25 күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталған.

Ал сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары саяси науқанға 25 күн қалғанда және сайлау күніне дейінгі күннің жергілікті уақыты бойынша сағат 00.00-де тоқтатылды.

Сайлауға қатысуға 164 кандидат ниет білдірді. Олардың 69-ын саяси партиялар, ал 95-і өзін-өзі ұсынды.

Тіркелген үміткерлердің арасында ең үлкені Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында — 61 жаста, ең жас кандидат Түркістан облысының Мақтаарал ауданынан түсіп отыр.

Әкімдікке үміткерлердің көпшілігі — ер адамдар. Дегенмен кандидаттар арасында 10 әйел тіркелген.

Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімінің сайлауындағы орташа бәсеке 3-тен асады. Ең жоғары бәсеке Жетісу облысының Кербұлақ ауданында — бір орынға 6 кандидат. Ал ең төмені Ақмола облысының Шортанды ауданында — бір орынға 2 кандидат тіркелген.

Пікірлер