Достар дауы. Сот Тоқтасынованың пайдасына шешілді

2001
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 3 қараша Алматы қаласы Медеу аудандық сотында Ғалымжан Жақияновтың Төлен Тоқтасынов пен оның жұбайы Алма Тоқтасыноваға қатысты талап арызы бойынша қорытынды сот процесі өтті. Нәтижесінде Алма Тоқтасынова жеңіске жетті. Тағылған барлық айып алынып тасталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Павлодар облысының экс-әкімі, саясаткер Ғалымжан Жақиянов бұрынғы досы экс-депутат Төлен Тоқтасыновтың жұбайы Алма Тоқтасыновадан “ар-намысымды таптады” деген желеумен 2 000 000 теңгеге жуық ақша талап еткен болатын. Дегенмен, екі айға созылған сот Тоқтасынованың пайдасына шешілді.

Бұған дейін екі дос арасындағы даудың неден басталғанын жазған едік.

Айта кетейік, қаңтар айында Төлен Тоқтасыновтың «Адырнаның» ютуб арнасына берген сұхбатынан кейін, Жақиянов “Адырна” ұлттық порталының үстінен арыз тастаған болатын.

Пікірлер