Қажетті ақпаратты Премьер-министр береді – Тамара Дүйсенова

1775
Adyrna.kz Telegram
фото: Ақмешіт жастары
фото: Ақмешіт жастары

Бүгін Үкімет отырысынан кейін премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Қарағанды шахтасында 46 адам қаза тауып, елімізде қаралы күн жарияланды. Осындай кезде премьер-министр Әлихан Смайылов пресс-конференцияға шықпады? Бұл сұраққа Тамара Қасымқызы жауап берді.

«Премьер-министрдің мемлекеттік комиссияның басшысы екенін білесіздер. Сондықтан да комиссияның жұмысын аяқтай келе осы іс бойынша барлық мәселені өздеріңізге жеткізеді. Сол себепті комиссияның жұмысын күткендеріңіз дұрыс шығар деп ойлаймын. Қазір сіздерге қажетті ақпараттарды жеткізу үшін әріптестерімізбен бірге жедел шықтық», – деді ол.

Сондай-ақ БАҚ өкілі вице-премьерге «Премьер-министр журналистердің алдына шығу үшін қанша адам қаза табу керек?» деп сұрақ қойған болатын.

«Мен сізге қайталап айтайын, бұл адамның санына байланысты емес қой. Қазір әріптестеріміз ол кісінің шахта бойынша жеті комиссияның жүргізген жұмыстарын қарап, олардың есебін тыңдап жатқанын айтты. Сол комиссияның жұмыстары бойынша ол міндетті түрде өзінің пікірін комиссия төрағасы ретінде жеткізеді», – деді Тамара Қасымқызы.

Жалпы Үкімет басшысы Әлихан Асқанұлы журналистердің алдына сирек шығады. Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Үкіметтің елге қарауға беті жоқ деп айтқан болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер