Шетел азаматтары көз жұмған. Ақтөбе облысында жол апаты орын алды

2508
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Ақтөбе облысында жол апаты орын алып,  салдарынан шетелдік азаматтар көз жұмды. Бұл туралы Полиция қызметкерлері мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, кеше Самара – Шымкент автожолының 606-шақырымында Kia Rio автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі, Тәжікстан Республикасының азаматы Батыс Қазақстан облысы жағынан Ақтөбе облысының Қобда ауылына қарай келе жатқан Өзбекстан Республикасының 31 жастағы азаматының басқаруындағы Chevrolet Captiva автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан 2 жүргізуші және Chevrolet Captiva жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Сондай-ақ екі көліктің 2 жолаушысы әртүрлі жарақаттармен Қобда аудандық ауруханасына жатқызылды.

Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады, – делінген хабарламада.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер