Қарағандыдағы апат. Министр шахтаға түсу жұмыстарын жүргізді

2149
Adyrna.kz Telegram
ҚР ТЖМ
ҚР ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов шахтаға түсу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі өрт және кеншілердің қаза болған жерлерде тексеру жүргізді. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Аварияны жою жөніндегі жедел штаб тәулік бойы іздестіру-құтқару жұмыстарын жүрігізіп жатыр. Ең қауіпсіз және кеншілер болуы мүмкін ықтимал учаскелер бойынша тау-кен құтқарушыларының өту жолдары да тексерілуде. Қазір іздестіру жұмыстары шамамен бір-бірінен 4 км қашықтықта орналасқан екі өндіру учаскесінің ауданында жүріп жатқаны айтылды.

"Тау-кен құтқарушылары қажетті жабдықтармен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген. Газ жағдайын бақылау жалғасуда. Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының 55 тау-кен құтқарушысы және 15 техникасы жұмылдырылды",-деп жазады ТЖМ баспасөз қызметі.

Ал кеншілерге шұғыл медициналық көмекті қамтамасыз ету үшін 21 адам және 7 бірлік жедел медициналық жәрдем техникасы жұмылдырылғаны айтылды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер