Оқушыны ұрған видеосы тараған соң меңгеруші жұмыстан босатылды

1680
Adyrna.kz Telegram
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Желіде оқушыны ұрған мұғалімнің видеосы тараған болатын. Сол әрекеті үшін ол жұмысынан шығарылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Целиноград ауданының Жаңаесіл ауылында жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары темекі шеккен оқушымен дөреккі сөйлескені үшін оны педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес жұмысынан шығарған.

Ақмола облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, осы дерек бойынша қызметтік тергеу жүргізілген. Екінші сабақтан кейінгі үзіліс кезінде 7,9,10 сынып оқушылары спортзалға волейбол ойнауға барған. Алайда, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Ютина оқушылардың волейбол ойнағанын емес, 7-сынып оқушысы Д.Кимнің темекі шегіп тұрғанын көрген. Осы кезде мұғалім бірден мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Б.Мекебайды шақырған, ол оқушымен әңгімелескен.

Әңгіме барысында оқушы спортзалда темекі шегетінін мойындаған. Оқушының бұл жауабы мектеп директоры орынбасарының ашуына тиіп, ол эмоцияға ерік берген.

«Білім бөлімінің жұмыс тобы Жаңаесіл ауылындағы балалармен, ата-аналармен және мектептің педагогикалық ұжымымен әңгімелесті. Осы дерек бойынша жүргізілген талқылаудан кейін кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі Д.Кимнен педагог Б.Мекебайға шағымдан бас тарту туралы өтініш келіп түсті. Дегенмен, бұл жағдай Жаңаесіл ауылы мектебінің педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің отырысында қаралды, онда ҚР Еңбек кодексінің 52-бабының 14-тармағына сәйкес Б.Мекебайды жұмыстан шығару туралы шешім қабылданды», - деді ведомстводан.

 «Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер