Жетісу облысындағы 23 бухгалтердің қылмыстық іске тартылатыны желіде талқы тудырды

2759
Adyrna.kz Telegram
Фото: Хабар 24
Фото: Хабар 24

Жетісу облысында 23 бухгалтер қамауға алынды. Бұл туралы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, антикор 4,6 млрд теңгеден астам сомаға қатысты ұрлықты тергеп жатыр, 23 адам күдікке ілінді. Оның 21-і Талдықорған қаласының білім бөлімінің және №14 орта мектебінің бухгалтерлері.

Сот санкциясымен тоғыз адам қамауға алынып, 31 жылжымайтын мүлік, 14 автокөлік, зергерлік бұйымдар мен ақшалай қаражат тәркіленді.

Бұл ақпарат желі қолданушылары арасында талқы тудыруда.

Бір тарап “директорсыз бухгалтер жалғыз жей алмайды, 23 директор қамалу керек”, “бухгалтерлерді  қамап көз бояушылық  қылғанша, сол қылмысқа  жол берген  басшылар мен әкімдерді неге  қамауға алмайды?” десе, бір тарап “дұрыс болған, кезінде бір бухгалтердің мемлекеттік сатып алудан ақша жасағанын көргенмін, басшылар оларға сеніп, “қол қой” десе қоя береді”, деді

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер