Home » Жаңалықтар » СЕМЕЙДЕ ШҚО ӘКІМІ КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРДІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

СЕМЕЙДЕ ШҚО ӘКІМІ КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРДІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей қаласына жұмыс сапары барысында Қарағайлы шағын ауданында болып, бес көп балалы анаға жаңа тұрғын үйдің кілтін табыс етті.

Пәтерлерді аралаған өңір басшысы тұрғын үйлердің сапасына риза болды. Д. Ахметов көп балалы аналарды жаңа қоныстарымен құттықтап, барлығына денсаулық пен бақыт тіледі.
– Бүгін біз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша алғашқы қадамдар жасадық, – деді Д. Ахметов. – Биыл көпбалалы аналарға 200-ден астам пәтер беріледі. Осы жұмыстар Семей қаласында болып жатқанына қуаныштымын. Бұл шағын аудан мен үшін ерекше. Менің ойымша, Қарағайлы эталондық аудан болып, Семейдің алға қарай дамитын стандарттарын қалыптастырады.
Өз кезегінде көп балалы аналар әкімге алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді.
– Осындай қымбат сыйлық үшін Елбасына рахмет, – деді көп балалы ана Айтбуба Айсанова. – Бізге құрметпен қарайтыны үшін қуаныштымын. Баршаңызға бейбіт аспан мен амандық тілеймін. Балаларымыз аман болсын. Осының бәрін сақтайық және көбейтейік.
Құрылыс салушылармен әңгімелесу барысында Д. Ахметов шағын ауданның архитектуралық келбетін әрлендіруді тапсырды. Жалпы, аймақ басшысы Қарағайлы ауданында салынып жатқан тұрғын үйдің сапасын жоғары бағалады.

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Ғ.Мелдешов: Көпшіліктің пікірінсіз терминдер бекітілмейді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғалымжан Мелдешовпен сұхбат. – Министр ...