Әлеуметтік желіде сайлауға қатысты сауалнама жүргізгендер жазаланды

2869
Adyrna.kz Telegram

Бас прокуратура сайлау бойынша азаматтарға ескерту жасады

 Алматы қаласы мен Алматы облысының екі тұрғыны әлеуметтік желілерде сайлауға қатысты сауалнама жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды  бас прокуратураның баспасөз қызметі

"Қазақстанның Бас прокуратурасы ел президентінің кезектен тыс сайлауы барысында заңды бұзбауды, оның ішінде Конституцияның "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" заңында көзделген қоғамдық пікірге сауал салу шарттарының сақталуын ерекше бақылауда ұстайды", - делінген ресми хабарламада.

Интернетте осы заңның талаптары бұзылғаны тіркелді. Атап айтқанда, Nur.kz интернет ресурсының меншік иесі Орталық сайлау комиссиясына ескертпей сауалнама жүргізді. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде де осындай сауалнамалар жүргізіліпті. Осы деректер бойынша құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мәселен, "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде сайлау аясында қоғамдық пікірге сауалнама жүргізген Алматы қаласының тұрғыны жауапқа тартылды. Оған Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 120-бабы, 3-тармағына сәйкес 15 АЕК (37 875 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Сол сияқты Facebook желісінде жасалған құқық бұзушылық үшін Алматы облысының тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Бас прокуратура азаматтарға сайлау процесі барысында заңды сақтау қажеттігін және сайлауға байланысты сауалнама жүргізу шарттарын бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 120-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылатынын еске салады. Бұл ретте азаматтарға мұқият болып, әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарын басқа біреулердің пайдалануына жол бермеуі қажет", - дейді прокурорлар.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер