Қайрат Боранбаев 1,4 миллиард теңгеден асатын қонақ үйді мемлекетке қайтарды

2580
Adyrna.kz Telegram
Сурет: kapital.kz
Сурет: kapital.kz

Қайрат Боранбаев құны 1,4 миллиард теңгеден асатын қонақ үй кешенін мемлекетке қайтарды. Бұл туралы Тергеу мен ерікті ынтымақтастық аясында қаржы мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевтың мүлкін мемлекетке қайтару шараларын қабылдауда, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Қайрат Боранбаевтың компаниялары мемлекеттік мүлік комитетіне жалпы құны 1,4 миллиард теңгеден асатын "Comfort Hotel Astana" қонақ үй кешенін мемлекет меншігіне өз еркімен беру үшін тиісті өтінімдер берді. Аумағы 5 мың шаршы метрден асатын бұл қонақүй кешенінің жылдық айналымы 900 миллион теңгеге жуықтайды. 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұл нысанды демалыс, сауықтыру және білім беру орталықтарын ұйымдастырумен әлеуметтік мақсатта пайдалану жоспарлануда. Активтерді қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, өткен жылдың наурыз айында Қаржы мониторингі агенттігі Қайрат Боранбаевқа қатысты квазимемлекеттік сектордағы аса ірі көлемдегі қаражатты ұрлау фактісі бойынша тергеуді бастаған болатын. 17 наурызда елордалық сот Қайрат Боранбаевтың қамауға алынғанын хабарлады. Ол "ҚазТрансГаз" АҚ-ның ақшасын жымқырғаны үшін 6 жылға сотталды. Кейін кәсіпкер Ақмола облысындағы қауіпсіздігі орташа колонияға ауыстырылды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Пікірлер