Шымкентте есірткі тасымалдаған жігіт 4 жылға сотталды

1481
Adyrna.kz Telegram
фото: Opennews.kz
фото: Opennews.kz

Шымкентте аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған жігіт сотталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Еңбекші аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен қала аумағында есірткі заттарын тасымалдау күдігі бойынша 25 жастағы жігітті тоқтатқан болатын. Жедел-тергеу тобының қызметкерлері ер адамның жеке басын тексеру барысында есірткіге ұқсас заттар салынған 101 орама тәркіледі.

Сараптама қорытындысы алынған заттардың аса ірі мөлшердегі мефедрон психотроптық заты екенін растады.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша тіркеп, тергеу амалдарын жүргізді.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде тергеушілер күдіктінің кінәсін толық дәлелдеп, қылмыстық іс-бойынша жинақталған құжаттар мен айғақтарды сотқа жолдады.

Сот шешімімен жергілікті тұрғын 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер