Конституцияны арқалану. Орысша мәлімет талап етушінің видеосы дау тудырды

1779
Adyrna.kz Telegram
фото: бейнежазбадан скриншот
фото: бейнежазбадан скриншот

Әлеуметтік желіде сатып алушының супермаркет қызметкеріне мәліметті орыс тілінде беруді талап етуі қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Бұл көрініс Астанадағы «Әлем» сауда орталығында орналасқан «Магнумда» түсірілген.

Видео авторының сөзінше, әйел супермаркет қызметкеріне түбіртек орыс тілінде берілмегені үшін жекіген.

«Ол түбіртек тілі мемлекеттік тілде ғана емес, орыс тілінде де болуы керек деп санайды. Тәуелсіздікке отыз екі жыл болса да халық түбіртекті қазақша оқығысы келмейді. Бұл – еліміздің тіл саясатына берілген бағасы», - дейді бейнежазба авторы.

Видеодан сатып алушының мына бір сөздерін естуге болады:

«Тоқтаңыз! Мен ешкімге міндетті емеспін! Жәшіктегі заттарға төлеймін. Ал түбіртек менің тілімде жазылуы керек. Конституцияда қазақ және орыс тілінде деп жазылған. Қалғаны маған маңызды емес».

Бұл бейнежазбаға қатысты желіде түрлі пікір айтылуда.

«Әлемнің ешбір елінде біздегідей мемлекеттік тілге деген көзқарас жоқ шығар. Бұл қазірдің өзінде «менің тілімде» «Маған міндетті емес» деп міндетсініп жатыр», «Оны Ресейдегі отанына жіберу керек», «Қазақстанда жалғыз мемлекеттік қазақ тілі бар», «Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қалдыру керек, кімге керек үйренеді», «Республиканың әрбір азаматы мемлекеттік тілді білуге міндетті. Қаласа да, қаламаса да», «Орыс тілі емес, мемлекеттік тіл - қазақ тілі»,  - деп жазған желі оқырмандары.

Қазақстан Республикасы Конститутциясының 7-бабында мемлекеттік тілге қатысты:

  1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі.
  2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
  3. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды делінген.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ВЫХОД К ПРАВДЕ🔥 (@vyhod_k_pravde)

 

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер