Иран Хамасты қолдайтынын білдірді

1622
Adyrna.kz Telegram
Фото: mehrnews.com
Фото: mehrnews.com

Иран президенті Ибрагим Раиси Палестина-Израиль қақтығыс аймағындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасап, Хамасты қолдайтынын білдірді. Бұл туралы жергілікті Mehr News басылымы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Раиси әлемді Палестина халқына жасалып жатқан қысым мен әділетсіздікке назар аударуға шақырды.

Ол палестиналықтардың әрекетін қорғаныс деп атады.

Иран Палестина елінің заңды қорғанысын қолдайды. Сионистік режим мен оның қолдаушылары аймақ елдерінің қауіпсіздігіне қатер төндіруіне жауапты және олар бұл үшін жауап беруі керек, делінген мәлімдемеде.

Еске салайық, сенбі күні таңертең Израиль Газа секторынан зымыран атқылаған. Палестиналық ХАМАС содырлар тобы бұл шабуылды өз мойнына алып, «Әл-Ақса дауылы» операциясының басталғанын жариялады.

Өз кезегінде Израиль қорғаныс күштері Газа секторындағы ХАМАС нысандарына соққы беріп жатқанын мәлімдеді. «Темір қылыштар» лаңкестікке қарсы операциясы басталды.

Кейін Израиль премьер-министрі Нетаньяху бұл елдің шабуылға батыл жауап беретінін қайталап, газалықтарды тез арада қаланы тастап кетуге шақырды. Оның айтуынша, армия «барлық жерде толық күшпен әрекет ететін болады».

Кеше Израиль үкіметі елдің соғыс жағдайына өткенін ресми түрде хабарлады.

Бүгін Палестина-Израиль қақтығыс аймағындағы жағдайға байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жабық отырысы өткені белгілі болды, бірақ Қауіпсіздік кеңесі мүшелері ешқандай мәлімдеме қабылдай алмаған.

Болып жатқан жайтқа байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі министрлік Израильдегі қазақстандықтардың отанына оралуы үшін тізімін жасап жатқанын айтты.

Пікірлер