Педагогтердің әдістеме мен тестілеуден босатылатыны айтылды

2265
Adyrna.kz Telegram
stan.kz
stan.kz

Қазақстанда мұғалімдер әдістеме мен тестілеуден мүлдем босатылатыны айтылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтей отырып. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық педагогтер сьезінде мұғалімдерге қысым көрсетуді тоқтату керектігін міндеттеген болатын.

"Сонымен қатар салалық министрлік біліктілік талаптарын жиі өзгерту арқылы оқытушыларға қысым жасауды тоқтатуы керек екенін айтқым келеді. Ойына не келсе, соны істейтін шенеуніктердің жүгенсіздігіне тосқауыл қою қажет. Мұғалімдер тыныш, тұрақты және алаңсыз жұмыс істеуге құқылы."- деді Президент.

Президент пәрменінен кейін Оқу-ағарту министрлігі су жаңа реформаларды қолға алғанын айтты. Соның бірі — биылдан бастап ұстаздар қауымы әдістеме мен педагогикаға қатысты тестілеуден мүлдем босатылады.

Министр Ғани Бейсембаев мұғалімдердің балаға сапалы білім беруіне мейлінше көңіл бөлуді қолға алатынын айтты. Әсіресе ұстаздарды аттестациялаудан өткізу тәртібі тағы бір пысықталмақ.

Біліктілігін арттыру үшін мектепте сабақ беретін мұғалімдер тестілеуден өтуде сертификат, мадақтама қағаз, дипломдарын көшірмеден өткізіп әуре-сарсаңға түсетін еді.

Ал қазір барлық құжат электронды форматта сақталатындықтан, талап етілген бұл норма да алынып тасталды.

Пікірлер