Home » Айдарлар » Қоғам » Қазақстандағы ұйғыр, өзбек, қарақалпақтың этнодемографиялық ахуалы немесе оларды қалай қазақ қыламыз

Қазақстандағы ұйғыр, өзбек, қарақалпақтың этнодемографиялық ахуалы немесе оларды қалай қазақ қыламыз

Бүгінгі күні Қазақстан мультиэтникалық мемлекет. Соңғы деректерге сүйенсек қазақтың саны 12 миллион 505 мың, ал республикада мөлшері 18 миллион 400 мың тұрғын бар. Сонда қазақтың үлесі мөлшері жылдың аяғына дейін-59%, ал орыстар үлесі-19% жетіп жығылады. Орыс, украин, белорус, неміс ұлтының өкілдері өз атамекендеріне көшіп жатыр. Көшу себебі Қазақстан мен Ресей, Қазақстан мен Германия арасындағы тұрмыс деңгейінің айырмашылығы. Мен Германияға зерттеу бағдарламасына сәйкес көшіп барған немістермен кездескенімде олардың арасында немістен басқа этнос өкілдерінің  жартысына жуығы орыс екен. Украин, татар да  көптеп кездеседі. Сонымен жылма жыл елімізден 36-40 мың адам көшіп жатыр. Ресейден есесіне аздап оралман қазақ бауырлас келіп жатыр. Шығыс славяндар мен неміс жұртшылығы 1970 жылдардан бастап ұдайы көшіп жатыр. Дерек бойынша 1994-1995 жылдары 410- 300 мың адам көшкен, кейіннен көшушілер саны азайды. 1992 жылдан бастап еліміздегі орыстар арасында депопуляция басталып: туғандардан өлгендер саны артып кетті. Сонымен орыстектілер саны орта есеппен 50 мың адамға кеміді. Қазақтың санының жылма жыл өсімі- мөлшері  260 мыңға өсіп келеді. Сонда келесі он жылда қазақтың саны 2 миллион 500 мыңға өседі. Біз бірегей мемлекет, біргей  ұлт құруға ұмтылудамыз. Осы бағытта  тіл бірлігі мақсатына жетуіміз керек.

Бүгінгі күні әр өлкеде қазақтың саны басым, тек еліміздің екі облысында Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарында қазақтың үлесі 31-35 пайыз.

Бауырлас өзбек пен ұйғыр жұртшылығы ежелден бөтен емес. Мәселен, қазақ өз ағам деп  өзбекті атаған. Абылхайыр хан тұсында қазақ пен өзбек бір мемлекет, бір ұлыс болған. Тек кейіннен ғана екі ұлт болып бөлінгені династия принципіне қатысты еді. Өзбек ағайындар Шейбани хан династиясының жақтастары, ал қазақтар Орысхан династиясының билігіне бағынды.

Алты Алаш – демократиялық принците құрылған мемлекет болды. Алты Алашта  Үш жүз Қазақ, Ноғай, Қарақалпақ, Қырғыз болды. Бірегей қазақ хандарының бәрі делік сайланбалы болды. Қазақтың екі ханы қызметтеріндегі сәтсіздіктер үшін импичментке ұшырады.

Біз бірнеше тұжырым және ұсыныс жасамақпыз:

1.Қазақ пен бірқатар Қазақстандық ұлт өкілдері  – өзбек, қарақалпақ, ұйғыр арасында жақындасуы байқалады. Сонымен бірге, Өзбекстанда төлқұжатында өзбек, не қарақалпақ болып жазылып кеткен мыңдаған қазақ баласы Қазақстанда тұрғысы бар. Оларға қазақтыққа оралуға көмектесу керек. Бюрократиялық талаптарды жұмсартып : қазақша білсе,  қазақпын десе . Төлқұжат  пен азаматтық беріп , паспортында қазақ деп көрсетіп берген дұрыс болар.

2.Өзбек ұлты өкілдері Қазақстанада қазақтан да жоғары. Бұл жағдай оңтүстік өлкеде өзбек ұлт өкілдерінің доминациясына әкелмейді. Себебі өзбек жұртшылығы тұтас орналасқан аудан Шымкент қаласына кірді. Бұл жағдай өзбек жұртшылығының әлеуметтенуін күшейтпек.  Бүгінгі күні сан жағынан өзбектер үшінші орында.  Өзбек жұртшылығы негізінен Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады.  Өзбек-диханшы халық.  Сондықтан оңтүстіктің өзбектеріне жұмыссыздықтан құтылу жолы- ол Солтүстік өлкеге көшуге жол ашу, солтүстікте жұмыс қолы жетіспейді. Солтүстік өлкелерде қызметтерінде карьера жасау жеңілдеу тиеді. Ал, көкөніс, жеміс жидек өсірушілер ол жақта қат.

3.Ұйғыр жұртшылығының саны тәуір өсіп келеді. Ұйғырлар негізінен толыққанды өз ұлттығын дамыта алатын аудан- ол негізінен  Ұйғыр ауданы. Басқа аудандарда ұйғыр балалары орыс, не қазақ мектебіне баруға мәжбүр болады.  Алматы қаласында ұйғырлар арасында орыс тілі кең тараған. Ауылдық жерлерде ұйғыр тектілер арасында қазақша кең тараған.  Соңғы жылда ұйғырша оқитындар саны 2005 жылдан бері екі есе азайған 31 мыңнан 15 мыңға қысқарған екен.[1]Ұйғырлар басқа этностармен аралас орналасып, көп елді мекендерде көпшілік құрамайды.  

4.Қарақалпақ ұлты  ата мекені Қарақалпақстанда экологиялық, экономикалық қиындық пен әлеуметтік қиындық пен ұлттық езгіге ұшырады.Сол себептен қарақалпақтың бір бөлігі қазақ болып жазылады деп есептеледі. Қарақалпақ ұлты құрымайды, бірақ аталған сол себептерден олардың саны ойдағыдай өспейді деп ойлаймыз.[2]Өзбекстан қарақалпақтарының өз бетімен қазақ болып жазылуы Қарақалпақстанда Нөкіс қаласында байқалған. Өз бетімен қазақтыққа ұмтылғанды төсінен итермей- қош келдіңіз деп қарсы алу маңызды.

 

……………………………………………….

  1. Сауле Исабаева Мифы и правда о казахстанских уйгурах. 13-02-2015, https://camonitor.kz/15189-mify-i-pravda-o-kazahstanskih-uygurah.html
  2. Ольга Борисова КАРАКАЛПАКИ ХОТЯТ ЖИТЬ В КАЗАХСТАНЕ. Правительству Узбекистана на руку массовая миграция жителей Каракалпакстана в Казахстан, куда выехала, по некоторым данным, уже шестая часть населения автономии. https://iwpr.net/ru/global-voices. Азимбай Гали. Каракалпакский фактор в Средней Азии и Россия 01 апреля, 2015 https://www.altyn-orda.kz/azimbaj-gali-karakalpakskij-faktor-v-srednej-azii-i-rossiya/

 

Этностар 1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2019
Қазақтар 2327625 2794966 4161164 5289349 6534616 7985039 10096763 12505251
% 100 120
100 149
100 127
100 124
100 122
100 126
100 124
100 537
100 447
100 301
100 236
100 191
100 157
Өзбектер 120655 136570 207514 263295 332017 370 663 456 997 590 993
% 100 113
100 152
100 127
100 126
100 112
100 123
100 129
100 490
100 433
100 285
100 224
100 178
100 159
Ұйғырлар 35 409 59 840 120784 147 943 185 301 210365 224 713 270096
% 100 169
100 201
100 122
100 125
100 114
100 107
100 120
100 763
100 451
100 224
100 183
100 146
100 128

 

Дереккөздер нұсқасы: Рахматулина Е.Ю. Динамика численности уйгурской диаспоры в Казахстане. http://www.vkoem.kz/index.php/ru/2010-03-09-08-54-46/85-2010-03-09-10-07-22/2214-raxmatulina-eyu-dinamika-chislennosti-ujgurskoj-diaspory-v-kazaxstane

https://ru.wikipedia.org/wiki Население Казахстана История этнического состава согласно переписям

https://ru.wikipedia.org/wiki Динамика численности. Узбеки в Казахстане

 

Әзімбай Ғали

 

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Кәсіпкер Арыс тұрғындарына 10 млн бөлді

Франциядағы жанып кеткен соборға жұлқынып жарыса ақша жинаған қазақстандық бизнесмендер қайда жүр? Түркістан облысы, Арыс ...