ХХІ ғасыр басындағы біздің кейбір ғалымымыз аңқау, ашық көңілді халқымыздың мінезін бұзған, саф таза санасын улап, өтірік сөйлеу мен қулық-сұмдыққа үйреткен ХІХ бен ХХ ғасыр басындағы дүмше, надан молдалардан айырмасы аз. Олай дейтін себеп: «Алаш» қозғалысының тарихын терең зерттеп білмей, Алаш арыстарының бай мұрасын түгел оқып-тоқымай-ақ, Алаш туралы «білгені бір тоғыз, білмегені тоқсан тоғыз» бола тұра, өздерін алаштанушымын деп жүрген біраз азамат, замандасымыз, тіпті әріптесіміз Алаш тарихын, Алаш мұрасын, Алаш арыстарының асыл сөздерін тыңдаушыларының көңіліне қарап, ығына жығылып, бұрмалауды әдетке айналдырды.
Әлихан Бөкейхан - 1847 жылы біржола ыдырап, Ресей империясының отарына айналған Қазақ хандығының жер аумағы мен үйіндісі үстінен қазіргі Қазақ ұлттық мемлекетінің туын қайта көтеріп, шекарасын сонау 1910 жылы анықтап, 1917-1920 жылдары белгілеп, 2,5 жылдай заманауи Қазақ елінің тұңғыш басшысы - президенті болған, ұлт тарихына алтын әріптермен жазылатын шынайы тарихи тұлға. «Алаш» қайраткерлерінің ХХ ғасыр басында төте жазумен жарық көрген мұрасын жинап, кітап, жинақ етіп басып шығару немесе, ТМД кеңістігінде мұрағаттардың шаң басқан қорларын апталап, айлап қазбалап қазып, зерттемей-ақ, әр жерден алған дерек-айғақтар негізінде бірлі-жарым мақала жазу – бір басқа. Ондай істен соң өзін «алаштанушымын» деп ауыз толтырып айтуға тым ертелеу. Жиналған сол айғақ-дерек, асыл мұраны 10-даған жыл зерттеп, саралап, салмақтап, ой тезісінен өткізіп, берік тұжырымға келу тіпті басқа іс. Міне осыдан кейін ғана алаштанушымын айтуға моралдық, ғылыми құқың болар ма еді. Әлихан бабамыздың туғанына 150 жыл толған мерейтойы жылында әлихантанушыларбиттей қаптап кеткен болса, Ахмет Байтұрсынұлының өткен жылғы мерейтойында ахметтанушы ғалымдар да дәл солай қаптап кеткеніне куә болдық. Жеке өзімнің байқауымша, соңғы 4-5 жылдан бері Әлихан бабамыздың бай мұрасын қоя тұрып, бірде-бір шығармасын шұқып тұрып оқымай-ақ, әр жерден үзіп-жарып оқыған өсиет сөздерін өрескел бұрмалап, ұлт көсемін діншіл етіп көрсетпек әрекеттер жалғасып келеді. Осыған дейін осындайарандату, ұлт мүддесіне қайшы, ұлттық бірлігі мен келешегіне қарсы іс-әрекеттерден елді биттей қаптаған исламды жамылған діни секталардың өкілдерінің қолтаңбасы байқалатын. Мысалға біреуі «Әлихан Ахметке түрмеден жазған бір хатында ауыз бекітуге дәм болмай қара сумен бекіттім» деп Әлихан бабамызға нақақ айып, ашықтан-ашық жала жауып,Әлиханға ораза ұстатпақ болды. Тағы біреулер Алты Алаш көсемінің «халыққа, ұлтына қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген сөзінен «мінезден» дегенін «иманнан» деп бұрмалап, енді оны тіпті діншіл етіп, исламға тіреп қойды. Ал соңғы кезде ұлт көсемінің сөздерін бұрмалауға ислам сектанттары қалып, алаштанушымын деп жүрген біраз ғалым «білек сыбана» кіріскенін көріп отырмыз.Сондай алаштанушының бірі медреседен, одан қалса ауыл молдасынан қара танып шыққан «Алаш» арыстарының бірін қалдырмай құран сөрелерін жатқан білетін діндәр етіп шығарды;1930-жылдардағы жаппай қуғын-сүргін кезінде Міржақыпты 1,5 жыл немесе 18 ай 25 шаршы см түрмеде ұстады,25 мың «Алаш» арысын «дін жолында құрбан» етті. Жарайды, ол мәселені «Адырна» порталындағы пікірталаста біраз ашық талқыладық. Одан 1-2 жыл бұрын өзін тарих ғылымдарының докторымын деп таныстыратын танымал алаштанушы ғалым, аты-жөнін айтпай-ақ қояйын, Exclusiv.kz мульти-медиа порталына берген сұхбатында Сәкен Сейфуллинді нағыз алаш қайраткері, Қазақ кеңестік аутономиясы халық комиссарлар кеңесінің төрағасы, яғни қазірше премьер-министр қызметіндежүргенінде «Алаш»Новости по теме
Сұлтан Хан Аққұлұлы