Нұрлан Байбазаров «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингіне басшы болды

2314
Adyrna.kz Telegram
Фото: АО "Банк развития Казахстана”
Фото: АО "Банк развития Казахстана”

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің ұжымына жаңа басшы Нұрлан Байбазаровты таныстырды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз хатшысы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Премьер-министр Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында «Бәйтерек» холдингінің қызметін трансформациялау және ауқымды цифрландыру бойынша міндет қойғанын еске салды.

Нәтижесінде бюрократиялық кедергілер жойылып, өтінімдерді қарау мерзімі қысқарып, бизнес қауымдастығының қолдау шаралары туралы хабардар болу деңгейі артуы қажет. Жаңа басшы алдағы жоспарлардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс, — деді Премьер-Министр.

Одан бөлек, ол «Бәйтерек» бәсекеге қабілетті бизнесті дамыту, халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету және республиканың азық-түлік қауіпсіздігін нығайту бойынша жұмыстарды күшейтуі қажет екенін де атап өтті.

Сондай-ақ, Әлихан Смайылов холдинг ұжымына жүктелген барлық міндеттерді шешуде табысты жұмыс тіледі.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер