Home » Жаңалықтар » Мереке күндері 38 градус аптап ыстық болады

Мереке күндері 38 градус аптап ыстық болады

Синоптиктердің айтуынша, Жеңіс күнінде аспан ашық, ауа райы жауын-шашынсыз болады

“Қазгидромет” синоптиктері 2019 жылдың 9-13 мамырына болжам жасады.

9-13 мамыр күндері ауа райы қандай болады

9 мамырда Қазақстан аймағының басым бөлігіне антициклон мен оңтүстік-батыс тропосфералық ағындар әсер етіп, ауа райы жылы әрі жауын-шашынсыз болады.

Алдағы үш тәулікте де ауа райы күрт құбылмайды. Батыс облыстарда күндіз ауа температурасы плюс 30…38°С дейін жоғарылап, найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Оңтүстік және орталық өңірлерде күн жылы әрі жауын-шашынсыз болмақ.

Аптаның соңында суық атмосфералық фронт пен Карск теңізінен келген антициклонның әсерінен солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстардың кей жерінде өткінші жаңбыр жауып, ауа температурасының біртіндеп төмендейді.

Ауа райы болжамы: Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан

Нұр-Сұлтан қаласында 9 мамырда түнде 15 градус жылы болса, күндіз ауа температурасы 29 градусқа дейін көтеріледі. 10-12 мамыр аралығында біртіндеп төмендеп, 13 мамырда түнде +12 градус, күндіз +15 градус болады.

Алматыда 9-13 мамыр аралығында түнде ауа температурасы +12…+16 градус болса, күндіз +24…+25 градус аралығында құбылады.

Шымкентте мереке күндері түнде 17-19 градус аралығында жылы болса, күндіз 29-31 градус аптап болмақ.

 

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Баспаналы бол!

Өткен жылдың шілде айынан бастап елімізде «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның шарттары көптеген ...