Қостанай тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін 7 жылға сотталды

2464
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша Қостанай қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қостанай облысының Б.Майлин атындағы аудандық соты аталған қылмыстарды жасағаны үшін ер адамды кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды»,—деп жазды басқарманың баспасөз қызметі.

Сотталған ер адам діни-экстремистік сипаттағы бейне роликтерді, терактілердің және кепілге алынған адамдарды өлімге кесу көрінісін, сондай-ақ халықаралық террористік ұйымдардың символикасын интернеттің әлеуметтік желілерінде жариялаған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның кінәсі толықтай дәлелденді. 2023 жылғы 20 қыркүйекте үкім заңды күшіне енді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Пікірлер