Қостанай тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін 7 жылға сотталды

3252
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/img_3772.jpeg
Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша Қостанай қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Қостанай облысының Б.Майлин атындағы аудандық соты аталған қылмыстарды жасағаны үшін ер адамды кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды»,—деп жазды басқарманың баспасөз қызметі.
Сотталған ер адам діни-экстремистік сипаттағы бейне роликтерді, терактілердің және кепілге алынған адамдарды өлімге кесу көрінісін, сондай-ақ халықаралық террористік ұйымдардың символикасын интернеттің әлеуметтік желілерінде жариялаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның кінәсі толықтай дәлелденді. 2023 жылғы 20 қыркүйекте үкім заңды күшіне енді.
Комментарии
Другие материалы