Юпитердің серігінен көміртегі табылды

1880
Adyrna.kz Telegram

Астрономдар «Джеймс Уэбб» телескопының көмегімен Юпитердің серігі Еуропаның қойнауынан көміртегі көзін тапты. Бұл туралы АҚШ ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Зерттеушілер көміртегі метеориттер немесе басқа сыртқы көздер арқылы емес, жер асты мұхитында пайда болуы мүмкін деген қорытындыға келді.

«Жер бетіндегі тіршілік химиялық әртүрлілікті жақсы көреді. Ол неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы. Біздің өміріміз көміртегіге негізделген. Еуропа мұхитының химиясын түсіну арқылы оның өмір сүру үшін қолайлы орын болуы мүмкін екенін анықтай аламыз»,—деді NASA-ның Гринбелт, Мэриленд штатындағы Годдард ғарыштық ұшу орталығының жетекші маманы Геронимо Виллануева.

Алайда ғалымдар көмірсутекті тірі нәрселер шығарып жатыр ма, жоқ па деген сұраққа нақты жауап бере алмай отыр. Бұл Еуропаға арнайы миссия жіберілген кезде анықталуы мүмкін.

Айта кетейік, NASA 2024 жылдың қазан айында Еуропаны бірнеше рет айналып өтетін және осы спутникте өмір сүру мүмкін бе деген сұраққа жауап іздеп, деректер жинайтын ғарыш кемесін ұшырғалы отыр.

Пікірлер