Германия канцлері Шольц Армения премьер-министрі Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті

1827
Adyrna.kz Telegram

Германия канцлері Олаф Шольц Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті. Тілдесу барысында ГФР-ның қақтығысты бейбіт жолмен шешуді құптайтындығын айтып, Таулы Қарабақ тұрғындары қауіпсіздігінің қашан да маңызды екендігін жеткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы DM ақпараттық порталына сілтеме көрсете отырып. 

ГФР канцлері Олаф Шольц 22 қыркүйек, жұма күні, Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме, ең алдымен, Таулы Қарабақтағы жағдай және жергілікті тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсету қажеттілігі туралы болды. Бұл жайлы ГФР үкіметінің ресми өкілі Стеффен Хебенстрайт хабарлады.

Тілдесу барысында Шольц Германия үкіметінің Әзірбайжан мен Армения арасындағы бейбіт келісімге келуін  қолдайтынын айтып, қақтығысты шешу үшін әскери күш қолданудан бас тартқанын дұрыс деп есептейтінін жеткізді. Сонымен бірге, ГФР канцлері ұзақ мерзімді бейбітшілікке қол жеткізу үшін "Таулы Қарабақ халқының құқықтары мен қауіпсіздігіне кепілдік беру керек" деп атап өтті.

Сонымен қатар, Шольц Арменияның аумақтық тұтастығы мен егемендігін құрметтеу маңызды екенін айтты.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер