Home » Айдарлар » Саясат » Сот Серікжан Біләштің үйқамақтағы уақытын созды

Сот Серікжан Біләштің үйқамақтағы уақытын созды

5 мамырда Нұр-Сұлтанда тергеу соты “Атажұрт еріктілері” ұйымының жетекшісі Серікжан Біләштің үйқамақтағы уақытын бір айға, яғни 10 маусымға дейін созды.

Сотқа Біләштің адвокаты Айман Омарова Алматыдан видеоконференция арқылы қатысты. Әйелі де сот процесін адвокатпен бірге бақылап отырды. Омарова соттан Біләшті Нұр-Сұлтаннан Алматыға ауыстыруды сұрады. Адвокат Біләштің Алматыда тіркелгенін, оның әйелі мен екі баласы осы қалада тұратынын айтты.

Тергеуші мен прокурор Омарованың шағымына қарсы шығып, соттан Біләшті Нұр-Сұлтанда қалдыруды сұрады.

5 мамырда өткен сотта Серікжан Біләш сөз алып, өзіне қатысты қозғалған істі саяси тапсырма деді. Біләштің сөзінше, 10 наурызда оны Алматыдан Нұр-Сұлтанға жеткізген соң қысым жасалып, Мұхтар Әблязовқа (Қазақстанда тыйым салынған ҚДТ қозғалысының жетекшісі) қарсы сөз сөйлеп, адвокаты Айман Омаровадан бас тартуды сұраған.

2019 жылы 10 наурыз түнде Серікжан Біләшті Алматыдағы қонақ үйлердің бірінде жатқан жерінен полиция өкілдері ұстап, Нұр-Сұлтанға алып кеткен. Кейін оның үстінен бір адамның “Ұлт араздықты қоздырды” деп арыз жазғанын, сол арыздың негізінде ұсталғаны хабарланған. 11 наурыз күні сот екі айға үй қамаққа алу туралы шешім шығарған. Серікжан Біләштің үстінен “ұлт араздықты қоздыру” бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі жүріп жатыр.

“Атажұрт еріктілері” ұйымы 2017 жылдың көктемінен бастап белсенді жұмыс істей бастады. Қытай билігінің аз ұлттарға көрсетіп жатқан қысымына қарсы шығып, Алматыда түрлі жиындар мен баспасөз мәслихатын өткізді. Туған-туыстары мен жақындары Шыңжаңда қамауда отырғандардан сұхбат алып, видеоларды Youtube және Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшаларында үздіксіз жариялап келген.

“Азаттық” радиосы

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Жиенбеков пен Атамбаевтың айқасы немен аяқталады?

Қырғызстан президенті Сауранбай Жиенбеков пен экс-президент Алмазбек Атамбаевтың арасындағы теке-тірес ушығып барады. Күні кеше елдің ...