Құпияны толық ашуға не кедергі? КСРО кезіндегі жауапкершілікті кім көтереді? Көрмеге қандай құжаттар қойылған.
Бұл құжаттар аса құнды
Ішкі істер министрлігі (ІІМ) Арнайы мемлекеттік мұрағатының бас маманы Дәрия Әлиқызы 31 мамырға дейін созылатын көрменің оқушыларға, студенттер мен тарихты зерттеуші зиялы қауымға арналғанын айтты. – Бұл – көрмеге қойылғаны қордағы құжаттардың азғана бір бөлегі. Мемлекеттік ұлттық актив қорына енген. Тұрақты сақталып отырған аса құнды материалдар болып есептеледі.
1938 жылы Ақмолада атылған 13 дін және қоғам қайраткерінің ісі / Сурет informburo.kz
Республика бойынша ішкі істер органдарының (ІІО) арнайы мемлекеттік мұрағаттарында 138 қылмыстық іс сақталған. Олардың басым бөлігі Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан облысы және Қарағанды облысы полиция департаменттерінде.

Ахмет Байтұрсынұлының қылмыстық ісі / Сурет informburo.kz

Бейімбет Майлиннің қылмыстық ісі / Сурет informburo.kz
3. Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарға, оның ішінде ақталмаған азаматтарға қатысты қозғалған қылмыстық істерАйта кету қажет, осы мұрағаттық қордың негізінде ІІМ ведомстволық порталында "Мемориал" деректер базасы құрылған.
- Жалпы ішкі істер органдарының (ІІО) мұрағаттарында – 122 836;
- Ішкі істер министрлігі мұрағатында – 6216 қылмыстық іс сақтауда тұр.

Қазақстанға жер аударған кездегі Ким Гербердің қол табы / Сурет informburo.kz
4. Ұлы Отан соғысына қатысып, тұтқынға түскен, соғыс аяқталған соң фильтрациялық лагерлерде болып елге қайта оралғандар Және соғыс кезінде Германияға жер аударылған, қара жұмысқа айдалған азаматтардың да істері бар.Бұлар – сол кезде соғыста Отанын сатқандар, диверсия ұйымдастырған, бандылық топ құрып кеңес әскерлеріне шабуыл жасады деп танылғандар мен жалпы қылмыстық баптар бойынша, оның ішінде адам өлтірун, зорлық-зомбылық көрсету бойынша сотталғандар.
- Республика бойынша бұл қордағы қылмыстық істердің жалпы саны – 13 187;
- ІІМ мұрағатында – 666.

Германияда тұтқында болған КСРО әскерінің ісі / Сурет informburo.kz
Жалпы Республика бойынша ІІО мұрағатында 45 826фильтрациялық іс бар, оның ішінде ІІМ мұрағатында 2554іс сақталуда. Дәрия ханымның айтуынша:Бұл қор негізінде ІІМ ведомстволық порталында "ҰОС әскери тұтқындары" деректер қоры ашылып, мәліметтер жүйелендірілді. 5. Саяси қуғын сүргінге ұшыраған әртүрлі ұлт өкілдерінің мұрағаттағы қылмыстық істеріІшкі істер органдары мұрағаттары 2016 жылдан бері көлемі ауқымды бірнеше халықарарлық сұрау салуларды орындағанын айтып өту қажет.
- Ұлы Отан соғысында жалпы тұтқынға түскендердің жалпы саны – 4 млн-нан астам;
- КСРО-ға қайтарылғаны – 1 млн 836 мың;
- Оңалтудан өтіп, қайта соғысқа шақырылғаны – 1 млн;
- Жұмысқа тартылғаны – 600 мың;
- Ақталмай түрмелер мен лагерлерде қамалғандар – 340 мың адам.

Ораз Жандосовтың қылмыстық ісі / Сурет informburo.kz
Мұрағаттық құжаттың сыртын ғана көрдік. Неге?
Көрме қызметкерлері мұрағаттық қылмыстық істердің тек сыртқы жағын көрсетіп қойған. Ішкі беттерін ашып көрсетпеген. Осыған қатысты қойған сауалымызға Дәрия ханым:
Тұтқында болған кеңес әскері Жүзбай Саберлиннің ісі / Сурет informburo.kz

Профессор Тілеген Садықов / Сурет informburo.kz
Екінші дүние жүзілік соғыс кезіндегі құпия "шығыс майдан" туралы
Тарихшы, профессор Мақсат Алпысбес Қытайдағы қазақтардың ұлт азаттық соғысына араласқан КСРО немесе Қазақстан жауынгерлері туралы фактілерді сұрады. – Мен осы бойынша сол жақта полковник болған Жағда Бабалықұлы деген ағамыздан "Сіздерге Кеңес Одағынан келіп қосылған әскерилер болды ма" деп сұрадым. Сонда "Менің полкімде 80 КСРО әскері болды" деді. "Кейін олармен хабарластыңыз ба" дегенімде, "Ақтөбе секілді жерлердегі бірнеше адамдармен хат алысып тұрдық" деді. Өткен жылы 9 мамырда Қызылордалық соғыс ардагері: "Бұл құпия" деп қолхат бергеміз. Оның мерзімі өткен шығар. Енді айтып кетейік, біз неміспен соғысқан жоқпыз. Қытайдың Гоминдаң билігімен соғыстық. Біздің ресми түрдегі хаттарымыздың барлығы батыс майданы секілді көрсетілді. Шындығында шығыс майданында соғыстық" деп айтты, – дейді Мақсат Алпысбес.Сталин кезіндегі соғыс мұрағаттары да ашылуы керек
Мақсат Алпысбес тарихтардың кейбірінің естеліктер түрінде жазылып келе жатқанын, нақты айғақтардың әлі жоқ екенін айтып қынжылды.
Мақсат Алпысбес пен Дәрия Әлиқызы пікір алмасып тұр / Сурет informburo.kz
Қазақстанда құпия құжат – Ресейде "құпия емес"
Бұл туралы Еуразия ұлттық университетінің тарихшы, докторанты Жазира Оралбекқызы Хасенова айтты. Кейбір ақталғандардың да құжаттары көрсетілмей отыр екен.
Жазира Оралбекқызы / Сурет informburo.kz
Құқықтық және тарихи-ғылыми талдау керек
Құқықтық органдардың заңға сүйенетінін айтқан Мақсат Алпысбес тарих ғылымы дәлелді уәждердің айтылуы керектігін алға тартты. Ол:– Бірінші, азаматтық қоғам не дейді? Үкімет айтып отырған құпиялықты ашқанда қоғамда қандай резонанс туатынын, неге екенін, қорқыныш болуы мүмкін екенін ескеріп, ғылыми жағынан талдау керек. Екінші, сол құпиялардың қорғаушысы – қай мемлекет? Егер КСРО болса, жоқ. Ал Ресей болса, қай заңдармен оған мұрагерлік етіп отыр? Тәуелсіздік алған Қазақстан қандай мұрагерлік жауапкершілік алды? Бұл мәселелерге құқықтық сараптама жасау керек, – деді.informБЮРО