«КСРО-ның 60 жылдығы» мен «Ленин» көшелерін жарықтандыруға 3 405 892.86 теңге бөлінді

2783
Adyrna.kz Telegram

Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Новоселовка ауылындағы «КСРО-ның 60 жылдығы» мен «Ленин» көшелерін жарықтандыруға 3 405 892,86 теңге қаржы бөлінген, - деп хабарлайды Адырна ұлттық порталының тілшісі goszakup.gov.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған тендер 24 тамыз күні «КСРО-ның 60 жылдығы» мен «Ленин» көшелерін жарықтандыру» атты тақырыппен жарияланған. Мемлекеттік сатып алуды ұту үшін 6 компания бағын сынаған. Неге екені белгісіз жеңімпаз анықталмай жатып, 1 қыркүйек күні  тендер тоқтатылған.

Әрине, Қазақстанның әр ауылына жарық орнатылғаны қажет. Оған қарсы ештеңе айтпаймыз. Wikipedia-ның дерегінше Новоселовка бар-болғаны 700 адам тұратын ауыл екен.  700 тұрғын бар ауыл болса да, тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің бюджетінің игілігін көруге хақылы.

Бірақ, идеологиялық жағынан алсақ, Жаңа Қазақстанның «КСРО-ның 60 жылдығы» мен «Ленин» көшелерін жарықтандырып жатқаны құлаққа жағымсыз естілмей ме? Тәуелсіздік алғанымызға 30 жылдан баяғыда асып кетті. Сонда да сүйегі баяғыда қурап қалған Ленинді, сол Ленин құрған КСРО-ны санамыздан өшіре алмағанымызға кім кінәлі?

Қазір Жаңа Қазақстан бұрынғыны былай қойып, Ескі Қазақстанды айыптап жатыр. Ал, Қостанай облысының идеологиясының тізгінін ұстағандар бұл жайдан хабарсыз болса керек...

Қанат Бірлікұлы,

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер