"Домбыра – харам". Аманжол Әлтай жат пікір иелеріне шұғыл шара қолдануды талап етті

2359
Adyrna.kz Telegram

Депутат Аманжол Әлтай жат ағымдардың жетегінде кеткен кейбір Қазақстан азаматтары жұртты адастыратын теріс пікірлер таратып, ұлттық құндылықтарымыз жайлы қате ой білдіріп жатқанын атап өтті, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Ол Мәжіліс отырысында аталған пікір иелеріне қатысты шара қолдануды талап етті.
"Әсіресе, діни жат ағымдардың жетегінде кеткен кейбір Қазақстан азаматтары жұртты адастыратын теріс пікірлер таратуда. Бұған әлеуметтік желіде желдей есіп жүрген "Домбыра – харам" деген секілді адам шошытар алып-қашпа сөздер дәлел. Домбыра – татулық пен бірліктің мәмілегері. Ата тарихымыздағы небір аласапыран замандарда ұлтты ұйыстыруға, елді біріктіруге, ерлерді ел қорғауға шақыруға зор рөл атқарған", деді Әлтай мәжілістің бүгінгі отырысында.
Депутат ата-бабаларымыз білегінен әл кетіп, өзегі талып, ақтық демі шыққанша қолынан домбырасын тастамағанын қоса кетті:
"Ендеше, домбыраға тиісу – ұлтқа тіл тигізу, төлтума мәдениетімізді қорлау, өткен тарихымыз бен бүгінімізге көлеңке түсіру деп қабылдаймыз. Конституциямыздың 14-бабында нақты көрсетілгендей, қазақ халқының ұлттық құндылығы мен ерекшелігіне тіл тигізуге ешкімнің де құқы жоқ", - деп атап өтті депутат.
Осы орайда Әлтай бірқатар шараны атқару қажеттігін талап етті. Олар:
Білім беретін орта мектептерде ән-күй сабағында домбыра аспабын үйрету оқу бағдарламасына енгізу;
Бұқаралық ақпарат құралдарында, радио және телеарналарда домбыра аспабының құндылығын ашатын ән-күй, жыр-терме, айтыс өнерлерін көбірек насихаттау;
Дін істері жөніндегі басқарма теріс ағым жетегінде кеткен адамдармен жұмыс жүргізуді күшейтуге тиіс, деді ол.
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Пікірлер