Зеленский Украинаның Қорғаныс министрін ауыстыру туралы шешім қабылдады

3185
Adyrna.kz Telegram

Зеленский Украинаның Қорғаныс министрі Алексей Резниковты қызметінен ауыстыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Кешкі үндеуінде Владимир Зеленский:

"Осы аптада Парламенттен кадрлық шешім қабылдау жайы сұралады. Қазір нақтылауым керек. Мен Украинаның қорғаныс министрін ауыстыру жайлы шешім қабылдадым", - деді.

Оның айтуынша, "министрлікке әскери және жалпы қоғаммен өзара әрекетке бойлаудың жаңа тәсілдері, басқа форматтары қажет".

Жаңа қорғаныс министрі ретінде Зеленский Рүстем Умеровтың кандидатурасын ұсынды.

Умеров Мемлекеттік мүлік қорының басшысы және Жоғарғы Рада депутаты, ал бұған дейін Қырым татар халқының көшбасшысы Мұстафа Джемилевтің көмекшісі болған. Умеров, сонымен қатар, 2022 жылы, көктемінің басында,  Ресей мен Украина арасындағы келіссіөздерге қатысып, Украина делегациясының құрамында болды.

Келіссөздерден бір ай өткен соң, Умеровтың келіссіөз барысында уланып қалғаны айтылды. Кейін Умеровтың өзі улану туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер