ІІМ: "Митингіде халыққа еркіндік берілді"

2656
Adyrna.kz Telegram

Ішкі істер министрлігінің өкілдері Қазақстан қалаларындағы митингілерге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

"1 мамырда Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында Бас прокуратураның ресми хабарламасына қарамастан, санкцияланбаған митингілер мен тұрғындар жиналды. Акцияға қатысушыларға өздерінің ұстанымдары мен әлеуметтік және басқа да проблемалық мәселелер бойынша пікірлерін еркін және ашық білдіруге мүмкіндік берілді", - делінген ІІМ хабарламасында.

"Алайда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жиналғандардың ішінен бірқатар адам өздерін агрессиялық түрде ұстап, тыйым салынған "ДВК" экстремистік ұйымының ұрандарын айқайлап айтып, қоғамдық тәртіпті бұзды. Осыған байланысты әкімдіктер мен прокуратура өкілдері бейбіт митингілер, жиналыстар мен шерулер өткізу тәртібі туралы заңнаманың ережелерін түсіндірді. Жекелеген азаматтар заңсыз әрекеттерді тоқтату туралы талаптарға бағынбады. Содан кейін полиция күшімен қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруге және тәртіп бұзушыларды ұстау шаралары қабылданды".

ІІМ мәліметінше, елордада және Алматыда полиция бөлімдеріне 80 адам жеткізілді.

"Олардың әрекеттеріне заңда белгіленген тәртіппен құқықтық баға беріледі. Ішкі істер министрлігі азаматтарға арандатушылыққа берілмеуге және Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтауға шақырады", - делінген хабарламада.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер