Ресейлік блогер өз баласының "болашағын ойлап", қызын қазақ мектебіне берді

6193
Adyrna.kz Telegram

Өз ортасында танымал блогер, Санкт-Петербордан (Ресей) келген Иван Червинский өзінің жеке парақшасында видео жариялады. Ол өз видеосында қызын қазақ мектебіне жетектеп апарғанын баяндап, қызының мемлекеттік тілде білім алғанын қалайтынын жеткізді. Сонымен қатар, асқан қонақжайлығы үшін Қазақстанға алғыс білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

- Құрметті достар, Бірінші қыркүйек! Баршаңыздға білім күні құтты болсын!

Мен үшін де, менің отбасым үшін де бұл күн аса ерекше! Бүгін менің Ева-Мария есімді қызым бірінші сыныпқа барды.

Оның үстіне қызым Алматы қаласындағы нөмірі 33-қазақ мектеп-лицейінінің табалдырығын аттады және қызым қазақ тілінде білім алады!

Әрине, бұл оңай емес.  Жаңа ел, жаңа тіл. Оның үстіне, кез келген ата-ана үшін бұл өте қызық болуы тиіс.

Алайда  бізді осылай жылы қабылдап, осындай  мүмкіндіктердің есігін ашып бергеніне

Қазақстанға алғыс айтамын және ризамын!Рақмет, Қазақстан! - деп жазды Ресейден келген азамат.

Иван Червинский Қазақстан жайлы танымдық ақпаратар ұсынатын ресейлік азамат.  Қазір оның Instagram-да 150 мыңнан астам жазылушы және YouTube арнасында тағы 260 мың адам бар. Иван Қазақстан, қазақтар және олардың әлемдік аренадағы жетістіктері туралы жиі жариялайды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

Орайы келгенде айта кетейік, Республика бойынша бірінші сыныпқа барған оқушылардың 68 пайыздан астамы қазақ тілінде оқытатын мектептерде білім алады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев “Адырна” ұлттық порталына берген жауабында айтып берген еді.

Дегенмен, желі қолданушыларлы кішкентай талапкерлерді қазақ тіліне бейімдейтін орталықтардың өте аз екенін, білікті мамандардың жетіспейтіндігін, мектептердің аздығын айтып, жиі шағымданады. Тіпті желі қолданушылары кейбір аймақтарда қазақ тілді мектептерді дамытуға, көбейтуге тиісті деңгейде көңіл бөлінбейтіндігін айтады.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

 

Пікірлер