Серік Елікбай. Қалам мен қайғы. Асанқайғы

2615
Adyrna.kz Telegram

Ақ далада ақбуралы ақбурыл қарт. Жын мен жыр аралас Әлемнің желкенін көтерген жағалы мінез, ағалы сөздің ақсақалы.

Биліктен бөлек,  байлықтан алыс ұлтымен бірге.  Даланы мекен еткен тағы тектес, тамыры Тәңір өр жұрттың өз туысы.  Қорқыттан биік! Қашуға бейімі жоқ, ашуға иіні көк...  Өліммен өзегі бір, ажалдан да адуынды.  Хандардан қаһарлы,  замандардан да заһарлы!

Сөзі-шал жебенің уға малынған, сақталған сақарлы сауғасы. Ұлтына дәрі іздеген дәруіш! Дорифутадзу...  Дәріден де асыл, одан да артық... Құдай мен Тағдыр ғана бере алар-Жер Жоқтаушысы!  Ел Жоқшысы!

Қазақ жеріндегі бар мақұлықаттың ЖАНАШЫРЫ! -ҚҰЙРЫҒЫ ЖОҚ,  ЖАЛЫ ЖОҚ ҚҰЛАН ҚАЙТЫП КҮН КӨРЕР?  Жетімі отта қалған, бүгінгі Ел санасы бармаған сары жұрттың соңғы саф Алтыны! Өзіне күн сұраған бүгінгі жазарман емес, қырдағы тағыға құн сұраған-Әмірші Қазы!  Биік, асқақ, паң, құзар шың...  Көрер көз емес,  ойлауға ми шаршайды!  Ана ханның қасында,  мына ханның қасында деген деректің бәрі тым арзан... Сендірмейді. Өз үйіне әрең жетер Жиренше-сарай ақындарының басы...

ЕЙ ХАН, МЕН АЙТПАСАМ БІЛМЕЙСІҢ!  Сөз төресі осы!  Хандар өткінші.  Көбік тектес көбектер.  Асан Қайғы-Мәңгілік... Тек біз сәл ұмыта бастадық!  Жер сатқан билік кезінде...  Жерімізді жамаған жалмауыз кемпір секілді...  Нонсенс!

Пікірлер