Тоқаев БҰҰ бас хатшысының арнайы өкілін қабылдады

1729
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Президенті БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі, Орталық Азия бойынша превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталықтың басшысы Каха Имнадзені қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Тоқаев Каха Имнадзені жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтап, оның Орталық Азия мемлекеттері мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Орталық Азия бойынша превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталықтың маңыздылығы мен қажеттігін атап өтіп, оның аймақтағы орнықты өсімді қамтамасыз ету, тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту ісіне одан әрі қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Каха Имнадзе орталық қызметіне қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстанның өңірдегі бейбітшілікті нығайту және диалогты ілгерілету ісіне қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Одан бөлек, кездесу барысында Ауғанстандағы қазіргі жағдай талқыланды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер