Дмитрий Огай: "Бізді ақымақ қылғысы келеді"

1579
Adyrna.kz Telegram

Талдықорғанның «Жетісу» командасының бас жаттықтырушысы Дмитрий Огай Қостанайлық «Тобылмен» матчта тең ойнаудан кейін төрешілерге наразылығын ашық білдірді.

- Мұндай салмақты командамен ойнағанда, барынша жинақы ойнау керек екенін түсінесің.  Мен сіздерге қарапайым тілмен былай түсіндірейін: нешінші матч қатарынан түсініксіз ойындар мен бассыз төрешілер.  Егер бұлай жалғаса берсе, онда футболды ойнакерегі не? Төрт команда бірімен-бірі ойнап,чемпионат өткізе берсін, біреу үшін қызық шығар. Ойында төрешілер ойына келгенін істесе де, сынға алынбайды. Егер жеңгісі келген команда бізді таза ойынмен ұтсын.. Сонда сұрақтар болмайды. Төрешілер бізді айыппұлдан көз аштырмайды, бұл жағдайда қандай футбол болуы мүмкін?

«Тобыл» онсыз да өте жақсы команда,  матчта да үстемдігі басым болды. Ал төреші неге ойын бойы  біз жаққа ысқырумен болды? Осыны маған кім түсіндіреді?  Қазақстан чемпионатындағы  осы бассыздықты тоқтату керек. Өйткені бұл жақсылыққа әкелмейді.  Менің ғана емес, барлық жаттықтырушыларда эмоционалдық жарылыстар болады. Біз бұл сәттерді шешуге тиіспіз. Өйткені біз мұнда не болып жатқанын түсінеміз. Неліктен бір команданы ғана құлағынан тартып сүйреу керек?

Енді «Астана», «Қайрат», «Тобыл» және «Ордабасы» - біріншілікте осы төрт команда ойнай берсін . Болды! Чемпионат не үшін керек? Кім үшін керек?  Егер, күнтізбеге қарасаңыз (ҚР Кубогы)  неге кейбір командалар бірінші лига командасымен ғана немесе көш соңындағы командалармен ойнайды? Бұл жеребенің соқырлығы ма? Бұл күлкілі! Бізді ақымақ қылғысы келеді.  Ақымақ екенімізді миымызға құйғысы келеді. Бұлай болмайды. Мен өмір бойы футболда жүрген адаммын. Егер бәрі үнсіз қалса, онда бұл бассыздық жалғасады. Мен бәрін айттым! - деді Огай.

Естеріңізге сала кетейік, Қостанайдағы «Тобыл» - «Жетісу» кездесуінде Мантас Куклис бұрыштамадан алаң иелеріне гол соққан болатын. Бірақ, төреші голды есептемей қойған болатын. Кездесу 0:0 есебімен аяқталды.

Оның алдында Шымкентте "Ордабасы"-"Жетісу" матчында  төреші жетісулықтардың таза голын есепке алмай қойған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер