Қазақстандық паралимпиадашы медальдарын сатуға қойды

2665
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан құрамасында өнер көрсеткен волейболшы Дәурен Ахметов медальдарын сатуға қойды. Ол бұл туралы Facebook желісінде жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

32 жастағы паралимпиадашы бұл әрекетке қатерлі ісікке шалдыққан анасына көмектесу үшін барған.

«Операцияға ақша жинап жатырмын. Бағасы келісім бойынша»,—деп түсіндірді ол.

Дәурен Ахметов — Қазақстан Республикасы Кубогының екі дүркін иегері, Куала-Лумпурде өткен Жасөспірімдер Пара Азия ойындарының қола жүлдегері, Қазақстан Республикасы чемпионаттарының, Паралимпиада және Спартакиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері, халықаралық жарыстардың жеңімпазы, волейболдан қола жүлдегер, жағажай волейболынан Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері. Оны 2009 жылы көлік қағып кетіп, екі аяғынан айырылған болатын. Бұған дейін спортшы мүгедектігіне байланысты тұрақты жұмыс таба алмайтынын айтқан еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер