Үш күнде екі рет ауысқан ту

1997
Adyrna.kz Telegram

Осыдан үш күн бұрын Павлодардың орталық көшесі Назарбаев даңғылының бойындағы тудың жыртылып қалғаны туралы әлеуметтік желі бір шулап басылған. Ең алғаш павлодарлық журналист Есенебек Санатұлы өзінің Фейсбук парақшасында жариялаған болатын.

"Неткен жаман ырым. Павлодардағы жалғыз даңғыл жақында "Тәуелсіздігінен" айырылып еді, енді даңғыл бойындағы мемлекеттік байрағымыздың дал-дұлы шығыпты. Тиісті органдар Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы туды қашан ауыстырар екен? Аяқ астынан Президент келіп қалып жүрсе..." деп жазған Санатұлының жазбасынан кейін жергілікті билік "Тәуелсіздік" монументіндегі байрақты жедел түрде ауыстырып, орнына жаңасын ілген болатын. Көпшіліктен сүйінші сұраған Санатұлының постын қаз-қалпында бердік.

"Көк тудың желбірегені,
Жаныма қуат береді.

Кешегі жыртық туды әлеуметтік желіге салғаннан кейін дереу алып тастап, бүгін жаңасын іліп қойыпты. Жедел әрекет жасаған жергілікті билікке респект! Мемлекеттік рәміздеріміз үнемі назарда болсыншы".

Бұл қуаныш ұзаққа созылмапты. Бүгін Есенбек Санатұлының парақшасында тағы да сол туға қатысты келеңсіз жазбаны көзіміз шалды.

"Павлодарда ту тағы жыртылыпты.

Тәуелсіздік атауынан айырылған соң тудың да бұл көшеде тұрғысы жоқ -ау. Қайта-қайта жыртыла берді ғой. Алдыңғы күні ғана жаңасына ауыстырып еді. Үш күнге шыдамайтын не қылған сапасыз материал? Әлде...біреулер қасақана жыртып жүр ме? Бәлкім, Павлодар Облысы Полиция Департаменті анықтап көресіздер! Ұят болды, өзі. Көрмейін десем ту көз алдымда күнде көзім түседі. "Жыртық туды жария қылдың", деп әлдекімдер сын да айтып жатыр. Н. Назарбаев даңғылына ту шақ келмесе мүмкін Астана көшесіне апарып орнатасыздар, Ануар Кумпекеев мырза!" деп жазыпты журналист.

Шынымен де сапасыз материалдан жасалған байрақты кім іліп жүр?

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер