Зұлмат жылдар қасіреті

1932
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Бегалин кітапханасында Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 1932-33 жылдардағы ашаршылық пен 1937-38 жылдардағы саяси қуғын-сүргінге арналған «Зұлмат жылдар қасіреті» атты дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелдің модераторы болып, сөздің әлқиссасын, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Факия Шамшиденова бастап, бұл іс шараны Адырна бірлестігі жыл сайын өткізетініне алғысын айтып, өткен тарихымызды әр қашан жадымызда сақтай жүру керегінің маңыздылығын айтса, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бейбіт Қойшыбаев ағамыз, ақиқаттан ешқашан қашпауымыз керегін, НКВД нің қиянытың зор екенін, осындай тарих қайталанбау үшін, өткеніміздің ақиқатын зерттеу керегін айтты.
Ал тарих ғылымдарының докторы, саясаткер Әзімбай Ғали ағамыз, бұл қазаққа жасалған геноцид, мен геноцид деген сөзді жиі айтқаным үшін, прокуратураға арыз бергендерде болды, бірақ бұл тарих, бізді отарсыздану тарихы, коммунистерге біздің жеріміз керек болды біз емес, сондықтан бізді қырды, бұл тарихты ешқандай ұлт араздық от салу деп қарамау керектігін айта өткен болса, тарих ғылымдарының докторы Ахмет Тоқтабай ағамыз, 1913 жылы алты жарым миллион саны бар, қырық бес миллион малы бар қазақтың, 1939 жылы бес ақ миллион малы қалғандығын айта келіп, өз ойын, коммунистердің екі қаруы болған, біріншісі репрессия, қырып жою болса, екіншісі өтірік айтып халықты алдау екендігін айта өтті. Сонымен қатар тағы бір белгілі тарихшы ағамыз Тынысбек Коңыратбай, әр ұрпақ тарихпен тәрбиеленіп, ең алдымен тарихтан нәр алуымыздың қажеттілігін жастарға жете түсіндіре кетті.
"Зұлмат жылдар қасіреті" атты дөңгелек үстелдің барысында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған Жаңалық музейінен директорының орынбасары Нияз Оразымбетов ағамыз, жаңадан ашылған музей жайлы жастарды ақпараттандырды.
Жалпы бұл "Зұлмат жылдар қасіреті" тақырыбындағы дөңгелек үстелге қоғам белсенділері Марғұлан Боранбай, Аман Мәмбеталиевтер қатысып, тарихшы, жастар, студенттер, қоғам белсенділері арасында пікір алмасу мен сабақтастық болып, нәубетті жылдардың қасіретін айтып, дөңгелек үстелге қатысқан әр адамның ой түйіп қайтқан іс шара болды.

Бекзат Болатұлы

Пікірлер