Алматыдағы көпқабатты үйден шыққан өрт сөндірілді

2720
Adyrna.kz Telegram

Алматыда көпқабатты үйден шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алматыдағы тұрғын үйден шыққан өрт ауыздықталды. Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қызыл жалын сағат 18:46 кезінде оқшауланып, соңыра сөндірілген.

Еске сала отырайық, бүгін Алматыдағы 16 қабатты үйде өрт тұтанды. Сағат 17:10-да ТЖД күш-құралдары Алатау ауданы, «Ақкент» ықшамауданында орналасқан 54-ші үйге шұғыл аттанған.

Өрт сөндіру қызметі оқиғаға қатысты былай пікір білдірді:

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жетті. Олар 16 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтер ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Қазір адамдар эвакуацияланып жатыр».

Соңғы деректерге сәйкес, 300-ге жуық адамның эвакуацияланғаны айтылады. Абырой болғанда қаза тапқандар жоқ.

Белгілі болғандай, өрт кабельден шыққан. Нақтырақ айтсақ, үйдің 1 және 16 қабатында электр кабельдері жанған.

Әлеуметтік желіде өрт сөндірушілердің қалтқысыз қызметіне, құтқару жұмыстарын шапшаң орындауына тәнті болған жұрттың видеосы тарады.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер