100 деген азаматты жұмыспен қамтып отырған зауытты жауып, бұзып үлгерген. Бұл туралы “Құрылыс-көмек ХХІ” ЖШС-нің өкілдері хабарлайды.
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылында кірпіш зауытының жұмысын тоқтатып, бір бөлігін бұзып үлгерген. 20 жылға жуық тоқтаусыз жұмыс істеген өндіріс орны мемлекет игілігінде болған. Алайда 2016 жылдан бастап Уәзімбай Жанатнұр есімді азамат зауытты жалға алып, жұмысын жандандырған. 2006 жылдан бері осы жерде жұмыс істеген азамат 20 жыл бойы қаражат жинап, 2 жылдан соң 2018 жылы зауытты толықтай сатып алған. Сол жылы барлық құжаттарды дұрыстап, заң бойынша жұмысын жалғастырған басшы 1 жылдан соң билік тарапынан қысым көрсетіле бастағанын айтады:
«Бұл зауытқа бар махабатымызды салып күн-түн демей тер төктік! Бар мақсатымыз - нарықтағы бағаны түсіру, арзандату, сапаны жаксарту, кірпіш
дефициттін төмендету! (Бұрын кірпіш 40тг болса қазір 25 теңге ге түсірдік!) Елімізге, жерімізге бір өндіріс болсын жаңартып еңбек сіңіру болатын! Осы зауытты салу үшін біз үйдегі нанымыздың бір бөлігін жесек, бір бөлігін осы зауыт үшін жинаған едік! Сатып алғанда құжаттары дұрыс болған! Кейін жыл өте зауыт жаңғырғанда әкімшіліктен қысым түсе бастады! Сотта бәрін жеңдік. Алайда әлі күнге дейін шарасызбыз»,-дейді.
Зауыт басшылығының сөзінше, “ауыл тұрғындары қарсы” деп 5-6 адам жиналып келген. Ал сол топты бастап жүрген Берік есімді азамат басшыдан 10 млн теңге ақша талап еткен көрінеді.
9 баласы бар көпбалалы әке нәпақасын осы зауыттан тауып отыр. Сонымен қатар 100-ге жуық азаматты жұмыспен қамтуға мүмкіндік болған.
Өкілдер ауылдағы 1000 отбасынан рұқсатты қағаз түрінде алғанын айтады. Алайда жазылған арыз қаралмай, мәселе түйіні шешілмей тұр. Ал кірпішті қолжетімді бағада өндіріп отырған зауыт толық бұзылған.