Түркияның Алания қаласында болған жол апатына ұшыраған автобустың ішінде Қазақстан азаматтары болғанын расталды, деп хабарлайды “Адырна”.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров:
"Бүгін таңертең Алания тас жолында микроавтобус пен жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік апаты орын алды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер бар. Алдын ала алынған мәліметке сәйкес, автобуста Қазақстан азаматтары болған", - деп хабарлады.
Ресми өкілдің сөзінше, барлық мән-жайды анықтап, жерлестеріміздің жағдайын білу үшін ҚР консулы апат орын алған өңірге шұғыл түрде жолға шыққан.