Вагнериттер Белоруссияға кіріп, Краснодар өлкесіндегі негізгі базаны жаппақ

2330
Adyrna.kz Telegram

Бақылаушылардың хабарлауынша, 100-ден астам көлік бар. Украина барлауының мәліметінше, жалдамалылар Беларуське қарусыз барған, деп хабарлайды "Адырна". 

Соңғы күндері Ресейден Беларусь аумағына Вагнер ПМК жалдамалыларының үшінші тобы кірді.

«Беларусь Гаюн» мониторингтік тобының мәліметінше, Ресей Федерациясы мен «Вагнер» ПМК тулары ілінген жүзден астам көлік колоннасы Могилев облысындағы далалық лагерь бағытында жүріп келе жатқан көрінеді. Лагерь бес мың адамға арналған.

Бұған дейін Беларусь Қорғаныс министрлігі «Вагнериттер» беларусь әскери қызметкерлерін дайындап жатқанын хабарлады. Дүйсенбі күні Беларусь президенті Александр Лукашенко халықтық милиция туралы заңға қол қойды, сондай-ақ Ресеймен әскери қызметкерлердің жауынгерлік даярлық орталықтарын құру туралы келісім де бекітілді.

Украина барлауының мәліметінше, вагнериттер Беларусь аумағына қарусыз барған.

Краснодар өлкесіндегі «Вагнер» ПМК негізгі базасы жабылды. Мұндай мәлімдемесі бар видеоны жалдамалылар жариялады.

Компанияның негізін қалаушы Евгений Пригожин сәтсіз көтерілісін тоқтатқаннан кейін Кремль оның «Беларусьқа кететінін» хабарлады.

Өткен аптада Ресей Қорғаныс министрлігі вагнериттер армияға 2 мыңнан астам әскери техника мен қару-жарақ тапсырғанын хабарлады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер