Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан көп адамның қаза табуына байланысты Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёльге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы akorda.kz-ке сілтеме көрсете отырып.
– Табиғат апаты салдарынан болған орны толмас қайғыға ортақтасып, Сізге және жақындарынан айырылған азаматтарға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккен жандардың тез арада сауығуын, із-түссіз жоғалған азаматтардың отбасыларына оралуын тілеймін, – деп жазылған жеделхатта.Еске сала кетейік, Оңтүстік Кореяда қатты жауған нөсерден соң су тасып, көшкін болды. Мыңдаған адам эвакуацияланды. Ресми деректер 32 адам қаза тауып, ондағаны жоғалғанын жазды.
"Адырна" ұлттық порталы