13 шілде күні Жезқазған жылу электр орталығында апат болды. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Кеше, 2023 жылғы 13 шілдеде сағат 21:12-де қолайсыз ауа-райы жағдайында Ақадыр-Жезқазған 500 кВ электр беру желісі ажыратылды. Электр желісінің параметрлерінің өзгеруі Жезқазған ЖЭО-ның №7 және 11 қазандықтарының шаң қоректендіргіш қозғалтқыштарындағы жиілік түрлендіргіштерінің ажыратылуынан олардың сөнуіне әкелді. Будың болмауына байланысты №4, 7 турбиналар тоқтатылды, бұл генерацияның толық төмендеуіне әкелді.
Станцияның жұмыс режимін қалпына келтіру бір сағаттан кейін басталды»,—делінген хабарламада.
Басқарма зан-жақты тергеу жүргізу үшін Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің комиссиясы құрылғанын атап өтті.
Бұл Жезқазған ЖЭО-ның толық тоқтауы бірінші рет емес. 19 маусым сағат 12:45-те өзінің электр қажеттіліктерін жоғалту салдарынан станция генерациясы 129-дан 0 МВт-қа дейін төмендеген.
«Жоғарыда айтылғандардың негізінде «Қазақмыс Энерджи» ЖШС-ның басшылығына Жезқазған ЖЭО-ның сенімді жұмысын қамтамасыз ету жөнінде пәрменді шаралар қабылдау тапсырылды.
«Қазақмыс Энерджи» ЖШС-ның қауіпсіз жұмыс мәселесі бойынша арнайы кеңес 2023 жылғы 17 шілде дүйсенбі күні Министрлікте өткізіледі»,—деп толықтырды министрлік.