Ескі сылтау. Мусин тағы да радиофобия жайында айтты

2580
Adyrna.kz Telegram

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Астанадағы интернеттің сапасы жайлы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол елорданы дамыту мәселелері жөнінде кеңесте министрліктің байланыс толығымен жоқ 67 локацияны анықтағанын мәлімдеді.

«Біз есеп жүргізіп, нәтижесінде интернет жылдамдығы нашар 67 орынды анықтадық. Ол жерлердің тұрғындарымен
сөйлескен кезімізде олардың радиофоб екендері анықталды. Көпшілік үйінің төбесіне станса орнатудан қорқады. Әкімдік 60 тұрғын үй бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуге көмек көрсетті. Қазіргі таңда осының ішінде 33 үй шатырына базалық станса орнатуға келісті. Олардың бесеуіне орнатылды, ал алтауына қазір қойылып жатыр. Қалғаны бойынша келісімшарт дайындалу үстінде. 28 үймен 3 ай бойы жұмыс істеп келеміз, олар келісім бермей отыр. Тұрғындарға базалық станцияның адам денсаулығына қауіпсіз екенін түсіндірудеміз»,—деді министр.

Мусин бұл мәселе заң аясында реттелуі қажет екенін атап өтті.

«Тұрғын үй қатынастары заңына өзгеріс енгізілгеннен кейін тұрғындардың
50 пайызы станса орнатуға қарсы болса, оны алып тастаймыз. Ал екінші мәселе – тарифтердің төмендігі. Біздің қолданушылар үнемі интернетте отырады. Бұл үлкен жүктеме. Мысалы, шетелде қандай да бір материалды ашпас бұрын «Бұл мен үшін пайдалы ма, жоқ па?» деп ойланады. Өйткені, оны қараса, көп мегабайты кетеді»,—деп толықтырды басқарма басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін министр интернет сапасының нашарлауына радиофобия да себеп болып отқанын айтқан еді.

Пікірлер