Президент сынынан кейін. Министр орынбасары қызметтен кетуге өтініш білдірді

2228
Adyrna.kz Telegram
Абай облысындағы өрттерден кейін төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Көлдіков өз еркімен қызметтен кетуге кетуге өтініш білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Марат Көлдіков өз еркімен қызметтен кету туралы баянат жазғанын растады. Хабарламада:

"Қазіргі уақытта оны жұмыстан босату жайын келісу рәсімі жүргізіліп жатыр", – деп жазылған.

Естеріңізге сала кетейік, Тоқаев Абай облысына арнайы барған сапарында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметін "қауқарсыз қызметін" сынға алып,  Марат Көлдіковке тікелей сұрақ қойды. Оның сөзін бөліп:

«Мен қызметінен босатқан министр өзінің тікелей қызметтік міндетін орындауға неге мүлдем немқұрайлы қарайды?!

14 адам қаза тапты. Сіз осыны түсінесіз бе? Мен олардың отбасыларымен кездестім. Бұл азаматтар өз отбасының перзенттері, отағасы болатын. Бір отбасында екі жасар бала жетім қалды. Адамдардың артында несиелері қалды. Олар отбасының жалғыз асыраушысы еді.

Өрт бүкіл әлемде болады, бірақ ол жақта тиісті шаралар қабылданады. Министр келмеді, облыс әкімі тым баяу қозғалды, орынбасарларын жіберді. Жұмысқа деген қандай қарым-қатынас?! Осы жөнінде есеп беріңіз! Нақты сұрақ – неге қате болжам жасалды?», - деген еді мемлекет басшысы.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер